Ұстазы шәкіртінің күйгелектігінен әбден мезі болып, бір күні шәкіртін тұз әкелуге жіберіпті. Ұстазы тұзды шыныдағы суға салып, шайқап-шайқап жіберіп, шәкіртіне ішкізіпті де, одан: «Дәмі қандай екен?» деп сұрапты. Жұта алмай қалған шәкірті: «Тым ащы екен» депті.